ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ » №32 ЖББМ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданының білім бөлімінің
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72541) 3-74-71
Есепші бөлімі:
+7(72541) 3-74-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
06
май
2025

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

   "№32 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Миражиева Жамила Амантайқызының бастамасымен және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ардагер ұстаздарға арналған құрмет көрсету шарасы өтті.
Бұл игі шара – саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен ардагер ұстаздардың еңбегін бағалау, олардың үлгілі өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
     Мектеп ұжымының атынан жылы лебіздер айтылып, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ұлағатты ұстаздар қатарында мектептің бұрынғы директоры Шайханова Алтынай, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие беріп, жас жеткіншектердің жүрегіне жол тапқан Жораева Маржан апайға ерекше құрмет көрсетілді.
Алтынай апай және Маржан апай – білім берудің бастауында тұрған, әр балаға мейіріммен қарап, оқушы бойындағы қабілетті ашуға бар күш-жігерін арнаған тәжірибелі ұстаздар. Ұстаздардың сабырлы мінезі, жауапкершілігі мен шәкірттерге деген сүйіспеншілігі әріптестері мен ата-аналар тарапынан әрқашан жоғары бағаланды.
    "Ұстаз – ұлы есім, ұрпаққа үлгі" дегендей, осындай ардақты жандардың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.