01
сентябрь
2024
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Курманалиева Зауре Алиайдаровна 1978 жылдың 17-шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы , бұрынғы Киров ауданына қарасты ХХ партсьезд совхозының №5 бөлімшесінде дүниеге келдім. 1985 жылы осы ауылдағы бұрынғы 1-Май атындағы 9 жылдық (қазіргі Я. Есенбеков атындағы) орта мектептің 1-сыныбына қабылдандым. 1993 жылы аталған білім ұясының 9-сыныбын бітіріп, орталықтағы В. И. Ленин атындағы мектепке барып, 1995 жылы «Үздік аттестатпен» аяқтадым. Мектептің және ауыл аймақта өтілетін әртүрлі іс-шараларғая белсенді қатыстым. Қоғамдық көпшілік және мәдени қайрымдылық істерге араластым. Өнерге жастайымнан бейім болдым. Домбыра үйірмесіне қатысып, аудандық, облыстық байқауларға барып, жүлделі орындарды иелендім.
1995 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай педагогикалық колледжінің музыка пәні мұғалімі мамандығына түсіп, 1998 жылы аяқтадым. Сол жылы тұрмысқа шығып, бұрынғы Мақтаарал ауданы, «Бірлік» ауылдық округіндегі С. Сейфуллин атындағы мектепке музыка пәні мұғалімі болып қабылдандым. Мектеп 2001 жылы №113 жалпы орта мектебі болып бөлініп, сол мектептің музыка мұғалімі, 2002 жылы директордың тәрбие ісі орынбасары болып тағайындалдым. 2002 жылы Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінің Физика және информатика мамандығына сырттай оқуға түстім. 2006 жылы универсиетті бітіріп, физика пәнінің мұғалімі болып жұмысты жалғастырдым. 2016 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығындағы «Қоғамдағы көшбасшылық» курсын бітірдім. 2017 жылы «Тәжірибедегі рефлексия» тренерлік курсын оқып, 2017-2018 оқу жылында мектептегі 10 мұғалімге тренер болып, сертификат тапсырдым. 2020-2022 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне магистратураға түсіп, «Физика білім беру бағдарламасы» бойынша педагогикалық ғылымдарының магистранты атандым. 2005 жылдан бері физика пәнінен білім беріп, оқушыларым аудандық пән олимпиадаларында, ғылыми жоба сайыстарында жүлделі орындарды иеленіп келді. 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындап жыл сайын шәкірттерім еліміздің жоғары оқу орындарының мемлекеттік ГРАНТ иегерлері атанды.
2024 жылдың 26-ақпанынан бастап №07 бұйрыққа сәйкес №32 жалпы білім беретін мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған.
Жетістіктері:
- Алғыс хат Түркістан обл. адами әлеуетті дамыту басқармасы, 2020ж.№1287
- Алғыс хат Түркістан обл. адами әлеуетті дамыту басқармасы, 2021ж.№762
- Диплом ІІ дәрежелі Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жүлдегері
- Алғыс хат. «Ұлы дала ұстазы» ақпараттық-сараптамалық орталығы, 2020 ж.
- Диплом. І дәрежелі, Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі «Ең үздік авторлық бағдарлама» 2021ж.№1255
- Диплом. Республикалық «Инновациалық сабақ -2020» байқауынан «Шығармашыл ұстаз» номинациясы, Нұр-Сұлтан 2020ж.
- Мадақтама. Түркістан облысының білім басқармасынан сәуір 2018ж.№1700
- Мадақтама. Түркістан облысының білім басқармасынан тамыз 2018ж.№3800
- Алғыс хат. Республикалық қашықтықтан олимпиада өткізу орталығы, 2017ж
- Диплом. Аудандық «Ең үздік әдістемелік басылымдар» байқауы, 2-орын, 2017ж. №2097
- Диплом. Мақтаарал аудандық «Ең үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі-2017» байқауы, 3-орын, 2017ж. №3222
- Диплом. Облыстық «Өнерлі ұстаз» байқауының 1-орын иегері.2002ж.
- Құрмет грамотасы. Республикалық «Білген» олимпиадасы, 2019ж. №1689
- Диплом І дәрежелі, Аудандық ғылыми жобалар байқауында танытқан шығармашылық ізденістері мен тиянақты идеялары үшін, 2018жыл.№0733
- Диплом ІІ дәрежелі, облыстық «Білімді де, білікті ұстаз» байқауы, 2011ж.№466
- Диплом ІІ дәрежелі, аудандық «Ең үздік сабақ жоспары» байқауынан, 2013ж№4069
- Диплом І дәрежелі, аудандық «Озат тәжірибе-2016» байқауынан 2016ж. №530
- Диплом ІІ дәрежелі аудандық «Педидея» байқауынан 2023ж.
- Диплом ІІ дәрежелі, Аудандық ғылыми жобалар байқауында танытқан шығармашылық ізденістері мен тиянақты идеялары үшін, 2023жыл.
- Диплом ІІ дәрежелі, Аудандық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында танытқан шығармашылық ізденістері мен тиянақты идеялары үшін, 2023жыл.