ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
"№32 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Миражиева Жамила Амантайқызының бастамасымен және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ардагер ұстаздарға арналған құрмет көрсету шарасы өтті. Бұл игі шара – саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен ардагер ұстаздардың еңбегін бағалау, олардың үлгілі өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Мектеп ұжымының атынан жылы лебіздер айтылып, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс