Мектеп тарихы » № 113 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"№113 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп тарихы
14
май
2016

Мектеп тарихы

  1. Мектеп тарихы


 

 

 

"№ 113 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

тарихы


 

       Мақтарал ауданы «Бірлік» ауыл округіне қарасты Еркінабад ауылы 1931 жылы 37 үй болып, яғыни 6-7 артель болып құрылған.


        № 113 жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі Мақтарал ауданы «Бірлік» ауылдық округіне қарасты Еркінабад ауылында орналасқан.


         Ғимарат күйген қыштан 1977 жылы жәрдемшілер жатақханасы ретінде қаланды. Мектеп екі қабат оқу ғимаратынан тұрады.


          1988 жылы Ә. Молдағұлова атындағы бастауыш мектебі болып ашылып, 3 мұғалім  қызмет етіп, Төрежанова Әпиза оқу ісінің меңгерушісі болып істеді. 


          Ал, 1992 жылы Ә.Молдағұлова атындағы бастауыш мектебі негізгі мектеп болды. Мектеп директоры болып Бөрібаев Сегізбай тағайындалды.


         Мақтарал ауданының шешіміне сәйкес № 3490 01.07.1998 жылы Ә.Молдағұлова  атындағы орталау мектебі С.Сейфуллин мектебіне біріктіріліп № 80 С.Сейфуллин мектебі болып қайта құрылды. Директор қызметін Мейірбекова Гүлжан атқарды. ҚР Үкіметінің 07.04.2000 жылғы қаулысымен № 80 С.Сейфуллин орта мектебі  № 80 «Береке» орта мектебі болып аталды.


        Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының  16.08.2001 жылығ №126 қаулысымен Еркінабад ауылындағы мектеп өз алдына бөлек шаңырақ тігіп, № 113 орта мектебін құрып, мектеп директоры болып  Шайханова Алтынай тағайындалды.


          Мектептің пайдаланып отырған жалпы ауданы-6387,1 шаршы метр жер учаскесі, оның ішінде құрылыстар жайы: 2 қабатты оқу ғимараты, ауданы-321,2 шаршы метр, жылыту қазандығы ауданы-26,0 шаршы метр. Жер учаскесін тұрақты пайдалану құқығы туралы 21 шілде 2003 жылы Мақтарал ауданы «Бірлік» ауыл округі әкімінің № 38 шешімімен бекітілген.


         № 113 орта мектебі мемлекеттік мекемсінің Жарғысы Мақтарал ауданы білім бөлімінің 01.11.2001 жылғы  № 465-1 бұйрығымен бекітіліп берілді. 


       Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің 25.02.2003 жылғы № 136 бұйрығы негізінде білім беру қызметін атқаруға құқық беретін лицензия шектеусіз мерзімге берілді. 

 

Похожие публикации: